22 наурызда Шымбұлақта дәстүрлі Jump & Freeze жарысы өтеді. Кімдер қатыса алады
22 наурызда дәстүрге айналған Red Bull Jump & Freeze жарысы сегізінші мәрте өтеді. Оның ішінде жарысты Шымбұлақ курорты жетінші мәрте қабылдайды. Креативті-экстремалды шоуға жүзден астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, финалға шамамен 25-30 команда қатысады. 2-4 адамнан тұратын әрбір команда қолдан жасалған болид не өзге де құрылғымен таудан төмен сырғанайды. Сондай-ақ қатысушылар өз командасына лайық, ерекше де әсерлі киім формасын да дайындауы қажет.
Жарыста жеңімпаз болған команда сәуірде Үндістанның Мумбай қаласында өтетін Red Bull Soapbox Race жарысына жолдама алады.
Ал екінші орын иеленген команданың әрбір мүшесіне 250 мың теңгелік сертификат табысталса, үшінші орын алған команда Шымбұлақ курортында демалуға мүмкіндікке ие болатын
Жарысқа қатысу үшін үміткерлер осы форманы толтыруы қажет.