22 наурыз – Наурыз мейрамына орай, Ақтауда қалалық қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп хабарлады Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жолаушылар №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарымен тегін жүре алады. 

Қоғамдық көліктің күнделікті қызмет ету уақыты өзгермейді. Олар тұрақты кестеге сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.

"Бұл үрдіс жыл сайын Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылады. Қоғамдық көліктер тұрақты кестеге сәйкес сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді", – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейілов.

Еске салайық, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай Ақтау қаласында қоғамдық көлік әйелдер қауымына бір күн бойы тегін қызмет көрсеткен болатын. 


Оқи отырыңыз: 8 наурызда Ақтауда қоғамдық көлік әйелдерге тегін қызмет көрсетеді