2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды
2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (OCA) ресми түрде мәлімдеді.
Хабарлама ьойынша, қабылдаушы қалаға қатысты келісімге 5 ақпан күні Италияның Милан қаласында қол қойылады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған болатын. Алайда қаңтар айында елдің Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде турнирдің өткізілу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілетіні хабарланған еді. Осыдан кейін OCA ойындарды өткізу орнын қайта қараған.
Еске салайық, бұған дейінгі Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен болатын.