Әр екі жыл сайын өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев пен Қырғызстанның спорт департаментінің басшысы Айбек Абдымомуновтың кездесуі барысында айтылды. Бұл кездесу Парижде, Олимпиада аясында өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеме жасаған Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Чынгыз Эсенгулуулуның айтуынша, келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтетіні келісілген. 

Еске салайық, Қырғызстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бұған дейін үш мәрте – 2014, 2016 және 2018 жылдары өткізілген болатын. 2020 жылы пандемияға байланысты ойындар өткізілмеді, ал 2022 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Түркия қабылдады. 

Биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанның астанасында 8-14 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100 елден 4 мыңға жуық адам қатысады деген жоспар бар. 


Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең ұзын құрақ көрпені тамашалауға болады