2026 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 4623 теңгеге көтеріледі
Жаңа жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгеден 50 851 теңгеге дейін өседі. Яғни, + 4 623 теңге, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Осы азын-аулақ қаржыға бір кісі бір ай өмір сүруге тиіс. Демек, шенеуніктердің пайымынша, 50 мың теңге ас-ауқат алып, коммуналдық қызмет пен жол ақысын төлеуге жетеді. Бірақ, қазақстандықтар баға күн сайын құбылған заманда тұтыну себетін 5 мың теңгеге көтеру күлкілі деп отыр.
Айта кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу кезінде қолданылады. Демек, отбасының табысы күнкөріс минимумынан жоғары болса, мемлекеттік көмек ұсынылмайды. Сондай-ақ, халықты қолдауға бағытталған бағдарламалар да дәл осы тұтыну себетіне қарай құрылады.