Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қоғамдық талқыға жариялады. 

Заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы 8,5 пайызға өседі. 

"Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 8,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін", – делінген заң жобасында. 

Сондай-ақ, заң жобасында негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер 2025 жылы қандай болатыны жазылған. Оларды осы жерден оқып білуге болады. 


Оқи отырыңыз: 2025 жылғы АЕК мөлшері – 3 932 теңге. Ең төмен жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады