2025 жылы мыңға жуық запастағы офицер 2 жылдық әскери қызметке шақырылады
2022 жылмен салыстырғанда олардың саны 5 есе жуық артып отыр.Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.
Олар 24 ай бойы келесі әскери құрылымдарда офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады.
- ҚР Қарулы күштері – 700;
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80;
- ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131;
- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Оқи отырыңыз: 2024 жылы запастағы 752 офицер әскерге шақырылады
"Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады", – делінген қаулының түсіндірме жазбасында.
Әскерге әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер шақырылады.
Еске салайық, 2024 жылы запастағы 752 офицер әскерге шақыру жоспарланған болатын. Ал 2023 жылы олардың саны бастапқыда 345 деп белгіленсе, кейін 635-ке дейін артты. Ал 2022 жылғы көрсеткіш 190 болатын.
Оқи отырыңыз: Әскери қызметшілердің жалақысы 50 пайызға өседі