Астанада 2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы халықаралық бокс қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші орын алған жеңімпазға 200 мың доллар беріледі.

"Қазақстан сияқты бокс мықтылары жиналған елде IBA ірі турнирлерінің бірі өтетініне қуаныштымын. Бұдан бұрын 2016 жылы Астанада осы жарыс өткен еді. Қазіргі таңда жүлде қорын екі есеге арттырып жатырмыз. Жалпы жүлде қоры 4,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұның ішіне жаттықтырушыға тиесілі 10 пайыз кіреді. Бірінші орын алған әр боксшыға 200 000 АҚШ долларын береміз", – деді IBA президенті Умар Кремлев.