Кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД органдарына Ресей төрағалық ететінін айтты. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

"ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады. Онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді", – деді Сергей Лебедев.

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы 8 қазанда Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин хабарлады.


Оқи отырыңыз: Өмір сүру құны рейтингі: Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші орында тұр.