Өзбекстанда 2023 жылы халық саны бірден 2,2 пайызға артқан. Бұл туралы UzA ақпарат агенттігі хабарлады. 

Орта есеппен күн сайын елдің халқының саны 2,1 мың адамға көбейіп отырса, ай сайынғы өсім 64 600 адамды құраған. Бұл соңғы жылдардағы өте жоғары көрсеткіш. 

Өзбекстанның Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 36 799 756 адамды құрады.

"Республикада халық саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан. 2023 жыл күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 2,1 мың адамға көбейген", – делінген ақпарат агенттігінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Соңғы көрсеткіштер бойынша Өзбекстан халқы 32,6 миллионға жетті