Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерін, шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында бюджеттен субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға 818 млн теңге, егіншілікті дамытуға – 43,6 млн теңге, инвестициялық субсидиялауға – 720,4 млн теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 350 млн теңге. Мал шаруашылығы саласын субсидиялауға 2021 жылы 127 млн теңгені бөлінсе, 2023 жылы бұл қаражат 818 млн теңгеге дейін ұлғайған.


 
Жалпы, өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 2019-2021 жылдары агроөнеркәсіптік кешеннің 1005 субъектісіне 2,33 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінген. 2022 жылы - 2,2 млрд теңгеге 661 агроөнеркәсіптік кешен субсидияланған.

"Сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында біз "Ауыл аманаты" деп аталатын ауыл азаматтарына несие беру жобасын іске асырамыз. Жоба шеңберінде жылдық 2,5 пайызбен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер беріледі. Жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 250 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және олардың мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді деген үміттемін", – деді Нұрлан Ноғаев.