2023 жылы 70 мыңға жуық көлік құралы заңдастырылды. Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінген көліктер, деп мәлімдеді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. 

"23 қаңтар мен 26 наурыз арасында 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Өтініштер барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрондық сервис арқылы қабылданады, сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді", – деді Қайсар Сұлтанбаев.


Оқи отырыңыз: СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр


Дәлірек: 

  • Ресей Федерациясы – 67% (46 592);
  • Армения – 19% (13 424);
  • Қырғызстан – 10% (6 788);
  • Грузиядан – 2% (1 296).

Мұнымен қатар, комитет өкілі ІІМ қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын үкімет қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлады. 

"Аталған жоба жария талқылаудан өтті, қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін үкіметке жолдаймыз", – деп қосты Қайсар Сұлтанбаев.