Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.

Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.

"Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген" делінген министрліктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 2022 жылы білім гранты ірі кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға да беріледі