2 қазандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Ұлттық банктің ресми бағамы - 549,15 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,95 теңгеге арзандап, 546,96 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 549,15 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 546,97 теңгеден сатып алынады, 548,77 теңгеден сатылады. Еуро 642,07 – 644,35 теңге, ал рубль 6,62 – 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 545,72 теңгеден сатып алынады, 551,65 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 637,62 теңге, сату - 645,68 теңге. Ал рубль 6,66 - 6,82 теңге аралығында саудаланып жатыр.