Демалыс күндері Шымкентте ауа температурасы 24 градусқа дейін жылыса, Алматыда үсік жүреді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері. 

Астана

28 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы.

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 18-20 градус жылы.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы.

Алматы

28 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 17-19 градус жылы.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 19-21 градус жылы.

Шымкент

28-29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 градус жылы.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар қазақстандықтарды күздің ақыры өз мезгілімен келгеніне сендірді. Синоптиктер алғаш рет Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз болатынын айтты.