Ташкентте өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының 48 келіге дейінгі салмақтың финалында Санжар Тәшкенбай грузиялық Сахил Аллахвердовиді 5-0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Санжардың финалға дейінгі жолы:

  • 1/8 финал: Шодиоржон Меликузиев (Өзбекстан) 4-1;
  • 1/4 финал: Казума Аратаке (Жапония) 5-0;
  • 1/2 финал: Эдмонд Худоян (Ресей) 5-0.

Еске салсақ, 12 мамыр күні Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық кездесулер аяқталды. Жарыс жолына шыққан 5 боксшымыздың барлығы да жеңіске жетіп, финалға жолдама алған еді.