Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,47 теңгеге арзандап, 519,41 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 521,01 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 519,31 теңгеден сатып алынады, 522 теңгеден сатылады. Еуро 600,19 – 604,66 теңге, ал рубль 6,34 – 6,46 теңге аралығында саудаланады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 517,62 теңгеден сатып алынады, 524,62 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу - 601,47 теңге, сату - 609,65 теңге. Ал рубль 6,32 - 6,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.