Сайлау күні Астанада қоғамдық көліктер қалалық және қала маңындағы маршруттарда тегін болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық көлік жұмыс кестесіне сәйкес сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Ал 20 наурыздан бастап қайтадан қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

"2023 жылғы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру арқылы конституциялық құқығыңызды пайдаланыңыз", – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, қала тұрғындары сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:

  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
  2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
  3. Smart Astana мобильді қосымшасы;
  4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.