Астана Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағамбетов көшесінің сол жағына орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

19-20 қыркүйек аралығында жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты Р.Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Қозғалыс екі бағытта да оң жақта жүзеге асырылады.


Оқи отырыңыз: 735 млн теңге бөлінді: Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көшедегі жол жөнделеді.


Сонымен қатар, 19-25 қыркүйек аралығында С.Нұрмағамбетов көшесінің Р.Қошқарбаев даңғылынан А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылды.