17 қыркүйектегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Ұлттық банктің 17 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 539,54 теңге.
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,25 теңгеге көтеріліп, 541,01 теңге болды. Ұлттық банктің 17 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 539,54 теңге.
Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 541,08 теңгеден сатып алынып, 542,97 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 637,37–641,16 теңге аралығында, рубль 6,42-6,54 теңге шамасында.
Оқи отырыңыз: Инфляция болжамы жаңартылды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады
Ал Астанада долларды 539,49 теңгеден сатып алып, 544,65 теңгеден сатып жатыр. Еуро – 636,38–644,41 теңге. Рубль бағамы – 6,37-6,57 теңге.