17 қаңтардағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 544—549 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 529–533 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 544,64.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532,3 теңге. Еуро 544—549 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531,5 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 544,5 теңгеден сатылып, 548,3 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09-5,18 аралығында саудаланып жатыр.