16 мамырдағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508—514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,34 теңге. Еуро — 571,80
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512, 8 теңге. Еуро 576 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 567 теңгеден сатып алынып, 575 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,21—6,39 аралығында саудаланып жатыр.