16-17 шілдеде Қытайда қазақ күресінен чемпионат өтеді
Бәсекенің басты жүлде қоры – 3 автокөлік.16-17 шілде күндері Қытайдың Шыңжаң өлкесі Санжы облысы Манас ауданында қазақ күресінен чемпионат өтеді. Онда өлкенің төрт бұрышынан жиналатын балуандар күш сынасады. Спорттық бәсекенің жүлде қоры да қомақты – 3 автокөлік, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Бұқаралық спорт түрінде ұйымдастырылған чемпионатқа қатысушылардың ұлтына қарай шектеу қойылмайды. Басты шарт – жасы 18-ге толған және тұрғылықты жері тек Шыңжаң өлкесі болуы. Сонымен қатар, бұрын кәсіби балуан болған болса, арнайы командадан шыққанына 3 жылдан асуы талап етіледі.
Қытайлық БАҚ дерегінше, жарыс үш салмақ дәрежесінде өтеді:
- қазақ күресі мен оң қол күресі – 70, 85 келіге дейін және 85 келіден жоғары;
- "бұқаша тартыс" – 85 келіге дейінгі және 85 келіден жоғары.
Қазақ күресі мен қол қарымын сынасушылар алдыңғы алты орынға дейін марапатталады. Ал "бұқаша тартыста" алдыңғы сегіз адамға дейін сыйлық беріледі.
Оқи отырыңыз:
- Абаев: Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіледі
- Балалардың спорттық үйірмеге қатысуына жасалған мүмкіндікті бизнестің жеке мүддесіне пайдалануына жол бермеу керек