15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ
Сондай-ақ, такси жүргізушілері көлігіне арнайы белгі қоюуы керек және жүргізуші картасы болуы шарт.Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда. Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Тіпті, осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсе машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған.
"Заң жобасында такси қызметін ұйымдастыруды өзін-өзі реттеуге көшіру көзделеді. Ал бұл такси тасымалдаушыларының, таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің және таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының жұмыс принципін өзгертуге, сондай-ақ такси тасымалдаушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болуына алып келеді", – деп жазды Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда такси қызметі бір жылда 41% қымбаттады
Оған қоса, такси көлігінің төбесіне арнайы белгі қоюға міндеттеледі. Жүргізушінің фотосы мен жеке мәліметтері жазылған картасы салонда ілініп тұруы қажет. Такси қызметі арқылы нәпақа тауып, отбасын асырап жүрген азаматтар да, жолаушы ретінде көлікке отыратын тұрғындар да жаңашылдыққа қарсы. Алайда заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл – әлемдік тәжірибе.