2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол құрбысына кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жоғалған адамды іздестіру басталып, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды. Ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған. Бір жылдан кейін,  көлден әйелдің мәйіті табылған.

Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады. Тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды. Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам әйелімен жанжалдасқан кезде оны тұншықтырып өлтіріп,  денесін суға батырып жібергені анықталды.


Оқи отырыңыз: Көкшетауда итті тұншықтырып өлтірген адам 50 тәулікке қамалуы мүмкін


"Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Павлодар облысы Полиция департаменті криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.