15-18 сәуір аралығында Қарағанды, 15-23 сәуір аралығында Теміртау және Саран қалаларында жұмыс істейтін жастар жеңілдетілген ипотекалық несие алуға өтініштер бере алады. 

Бағдарлама шарттары:

  • Жылдық мөлешлеме – 6%;
  • Максималды қарыз мөлшері – 20 млн теңгеге дейін;
  • Қарыз мерзімі – 19 жылға дейін;
  • Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%.
  • Тұрғын үйді бастапқы немесе екінші нарықтан таңдауға болады, бірақ екінші нарықтағы үйлер 1974 жылдан кейін салынған болуы керек.

Бағдарламаға келесі сала қызметкерлері қатыса алады:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • әлеуметтік және коммуналдық қызмет көрсету;
  • Биыл тізімге жұмысшы мамандық иелері, "Қазпошта" АҚ мен ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да енгізілген.

Негізгі талаптар:

  • Өтініш берушінің немесе жұбайының соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы тиіс;  
  • Жас шектеуі – 35 жасқа дейін;  
  • Қалада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы қажет;  
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады.  

Өтініш тапсырғаннан кейін "Отбасы банк" мамандары табыс деңгейі, құжаттар топтамасы мен несиелік тарихты тексереді. Мысалы жұбайы мен балалары жоқ адам айына кем дегенде 221 мың теңге табыс көрсетуі тиіс. Ал екі баласы бар отбасы үшін ең төменгі табыс 370 мың теңге болуы қажет.

Қосымша ақпаратты Отбасы банкінен немесе Азаматтарды қабылдау орталығынан алуға болады.