15 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 493–498 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 493,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге. Еуро — 519,04.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 496,3 теңге. Еуро 520,5—524,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Оқи отырыңыз: "Валюталық интервенция жүргізуге дайынбыз". Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы құлдырауын түсіндірді
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.