Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.

Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Б.К. Әбішев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің ЭЦҚ-сын пайдаланып, элиталық түрдегі малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидияларды алған.

Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға "қамауда ұстау" шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.

Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.