15 градусқа дейін жылынады: Ақпан айына арналған ауа райы болжамы
Ақпан айында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, ақпан айында ауа райы нормадан 1-2 градус жоғары болады.
"Жекелеген күндері қаңтар айындағыдай аяз түсіп, түнде -20,-28 градус, күндіз -10, -15 градусқа дейін суытады", – деп жазылған хабарламада.
Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы сәл ғана көтерілсе, оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Жаңбыр, қар, көктайғақ: демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?