"Жолаушылар тасымалы" АҚ 14 желтоқсаннан бастап "Алматы – Ташкент" халықаралық бағыты бойынша Тальго пойызын іске қосады. Ол күн сайын 400-ден астам жолаушыны тасымалдай алады. 

Tickets.kz платформасындағы ақпаратқа сәйкес, билет бағасы 10 мың теңгеден басталады: 

  • отыруға арналған орын: 10 167 теңге;
  • купе: 20 711 теңге;
  • люкс: 30 772 теңге. 

Пойыз жоғары жайлылық деңгейіне ие Тальго вагондарынан құралады. 

"Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі жоспарлануда", – делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.