Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 495—501 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,77 теңге. Еуро — 538,32.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497 теңге. Еуро 538—544 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 501 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,66—5,80 аралығында саудаланып жатыр.