Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508—514 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,32 теңге. Еуро — 566,32.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 513 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 566, сату құны — 572.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15—6,35 аралығында саудаланып жатыр.