Астанадағы мектептердің бірінің есепшілері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

"7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады", – деп жазылға хабарламада.


Оқи отырыңыз: Шымкентте мектеп басшылығы қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінді


Сот үкімімен кінәлілерге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.