Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490–496 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 489,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро — 533,47.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 491 теңге. Еуро 530—535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 496 теңге, сатып алу құны — 490 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,58-5,74 аралығында саудаланып жатыр.