12 тамыздан бастап Астанада мектепке қажет заттар жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкелер елорданың бес ауданында ұйымдастырылады.Астана қаласының бірнеше ауданында оқушыларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады, деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
12 тамыздан бастап демалыс күндері елорда тұрғындары жәрмеңкеден мектепке қажет құрал-жабдықтарды арзанырақ бағамен ала алады.
"Қазіргі уақытта жәрмеңкелерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр", – деді Қасымхан Сенғазыев.
Оқи отырыңыз: Мектеп формасы мен құралдарына – 40 567 теңге. Оны кімдер және қалай ала алады?
Мұнымен қатар ол жәрмеңкелердің қай аудандарда өтетінін хабарлады:
- Алматы ауданында – Абылай хан көшесі, №20 үй маңында;
- Байқоңыр ауданында – "Аймақтау" сауда орталығында;
- Есіл ауданында – Ботаникалық саябақ тұрағында;
- Нұра ауданында – цирк тұрағы;
- Сарыарқа ауданында – Шаймарден Қосшығұлұлы көшесі, №14 үй маңында.