12 ақпандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 506–512 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 506,43 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 522,43.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро 520—526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18-5,28 аралығында саудаланып жатыр.