11 қыркүйектегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,65 теңгеге қымбаттап, 538,89 теңге болды. Ұлттық банктің 11 қыркүйекке ресми бағамы — 538,20 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,86 теңгеден сатып алынады, 540,79 теңгеден сатылады. Еуро 629,30 — 633,37 теңге, ал рубль 6,20-6,36 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Инфляция болжамы жаңартылды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтады
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 537,54 теңгеден сатып алынады, 542,54 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 627,68 теңге, сату — 635,74 теңге. Ал рубль 6,20 — 6,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.