11 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
Ұлттық банктің ресми бағамы — 523,58 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге қымбаттап, 525,28 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 523,58 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,24 теңгеден сатып алынады, 528,02 теңгеден сатылады. Еуро 606,96 — 611,36 теңге, ал рубль 6,39 — 6,50 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 523,40 теңгеден сатып алынады, 530,40 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 603,39 теңге, сату — 613,39 теңге. Ал рубль сатып алу — 6,34 теңге, сату — 6,49 теңге.