Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507-513 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 508,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,48 теңге. Еуро — 580,72

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —508 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579 сату құны — 583.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 507 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,36—6,52 аралығында саудаланып жатыр.