1000 доллар пара алды: Абай облысы полициясы Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатырСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы Полиция департаментінің лауазымды басшысының ұсталуына қатысты толық мәлімет ұсынды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі хабарлады.
Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлің Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен департаменттің өзге де қызметкерлері пара алғанын әшкерелеген.
"Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", – деп жазылған хабарламада.