10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.Серік Күдебаев сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.
"Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі қарау Жетісу облыстық сотының ғимаратында 29 маусымда сағат 15:00-ге белгіленді", – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.
Еске салайық, Серік Күдебаев Алматы полиция департаментін 7 жыл басқарып, 2020 жылы Алматы облысы полициясының басшысы болып тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылғы 18 ақпанда ішкі істер органдарынан өз еркімен қызметтен кетті. Ал мамыр айында Бас прокуратура Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысы барын хабарлап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы – "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік" бойынша жүргізілді.