10 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды
Олардың жалпы қарызы 20 миллиард теңгеге жеткен.Банкрот деп танылған 944 борышкер мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санатында, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Осы топтағы азаматтардың қарыз сомасы – 1 миллиард теңге. Ал банк алдындағы берешегін 5 жылдан бері төлей алмағандықтан банкрот болған азаматтардың саны 5 мыңнан асады. Олардың қарызы 14 миллиард теңгеге жуықтайды.
Қалған борышкерлердің қарызы 5,5 миллион теңгеден асып кеткендіктен банкрот деп танылған. Айта кетейік, былтыр наурыз айыннан бері банкроттыққа 87 мың қазақстандық өтінім берген. Алайда олардың 67 мыңының өтінімі қанағаттандырылмады.
Оқи отырыңыз: Ең аз мөлшердегі қарыз – 48 500 теңге: Қазақстанда қанша адам банкроттық мәртебесін алды?