10 ақпандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510–516 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 10 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 530,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 529,5—534,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 510 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,30 аралығында саудаланып жатыр.