2023 жылғы 1 сәуірде Қазақстанда Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Енді айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама жүргіушінің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне және телефон нөміріне жіберіледі. Осыдан кейін айыппұлды төлеу туралы бұйрық жеткізілді деп есептеледі. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.

Қазір жүргізушілер атында айыппұлдың бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан және кей банк қосымшаларынан тексере алады.


Оқи отырыңыз: "Қала ішінде – 180 км/сағат". Әділет министрлігі жүргізушілерге жаңа айыппұлдар жобасын әзірледі


Сонымен қатар айыппұл туралы хабарлама жүргізушінің eGov.kz порталында тіркелген телефон нөміріне SMS түрінде жіберіледі. Алайда азаматтар порталға телефон нөмірін қате жазуы немесе өзгертіп жіберуі мүмкін. Соның салдарынан машинаны қайта тіркеу кезінде атында айыппұл барын білмей жатады.