1 маусымнан бастап Отбасы банкінің бөлімшелерінде депозит ашу тоқтатылады
Банк оның орнына депозит ашудың 4 жолын ұсынып отыр.Биылғы 1 маусымнан бастап "Отбасы банк" АҚ бөлімшелері азаматтарға депозит ашуды тоқтатады. Одан кейін келесі төрт жолмен депозит ашу мүмкіндігі қарастырылады:
Мобильді қосымша арқылы депозит ашу:
- Депозит ашу үшін смартфон және жақсы интернет болса жеткілікті. Otbasy bank мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп алуға болады.
- Жұмыс күндері сағат 9:00 – 21:00 аралығы.
HCSBK.KZ сайты арқылы депозит ашу:
- Сайттың оң жағындағы видеокамераның суретіне басып, банк менеджерінен бейне қоңырау арқылы шот ашуға болады. Ол үшін жеке сәйкестендіруден өтіп, тиімді жинақтаудың негізін салу қажет.
- Жұмыс күндері сағат 9:00 – 20:00 аралығы.
Оқи отырыңыз:
- "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
- "Бір аптада баспаналы болдық": Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы несімен ұтымды?
Отбасы банкінің кеңесшісінен депозит ашу:
- Кеңесші ыңғайлы кез-келген жерде депозит ашып, ең тиімді бағдарламаны таңдап, алдын-ала төлемді есептеп, несиелік өтінімді қабылдай алады. Кеңесшілер тізімін www.hcsbk.kz сайтындағы "Сіздің кеңесшіңіз" бөлімінен табуға болады.
- Аптаның 7 күні бойы сағат 9:00 – 21:00 аралығы.
Қазпошта бөлімшелерінде депозит ашу:
- Жұмыс күндері сағат 9:00 – 18:00 аралығы.