Моңғолия үкіметі 10-25 сәуір аралығында қатаң карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Үйде болу қажеттілігіне байланысты айырылатын табысын жартылай өтеу үшін әр азаматқа 300 мың төгрөг (Моңғолия валютасы, шамамен 105 доллар) төленеді, деп хабарлады Montsame.

"300 мың төгрөг барлық азаматтардың есепшотына түседі, ал бұл – 3,3 млн адам", – деді Қаржы министрі Болдын Джавхлан. – Әрбір азамат банкте есепшот ашуы үшін уақыт керек. Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы алатын азаматтардың есепшоттарын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мұның бәріне 7-10 күн уақыт керек".

Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Сайнбуянгиин Амарсайхан "Оюу-Толгой" тау-кен компаниясынан салық ретінде жиналған қаражатты азаматтарға бөліп беру туралы шешім қабылдады. Қазір Мемлекеттік қорда 360 миллион доллар жинады.


Оқи отырыңыз: Коронавирус пандемиясы: Қазақстан үкіметі қалай күресіп жатыр? Сараптама


 

Сондай-ақ, Моңғолия үкіметінің мәлімдеуінше, материалдық қолдау коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтарға екі-үш апта ішінде алғашқы иммундық жауап пайда болғанға дейін үйде отыруға және сыртқа шықпауға көмектеседі.

Моңғолияда жарты миллион азамат вакцина алды, олар 1 мамырға дейін Ұлан-Батордағы барлық ересек азаматтарға вакцина егуді жоспарлап отыр.