Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мемлекеттің қаржылық қолдауымен түсіріліп жатқан фильмдерді атады, деп хабарлады inform.kz.

"2019 жылы өткізілген алғашқы конкурстың қорытындысы бойынша сараптамалық кеңес 100 киножоба ішінен 58-ін іріктеді. Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 17 киножоба өндіріске жіберілді", — деді Нұрқиса Дауешов. 

Вице-министр киножобалардың атын атады. Көркем фильмдер: "Боксер" (А. Сатаев), "Отансүйгіштер уақыты" (С. Өтепбергенов), "Таңдау" (Е. Тұрсынов), "Өмір" (Э. Байғазин), "Қажымұқан" (Қ. Мұстафин), "Адемокиді оқыту" (А.Жанованов), "На старте" (Е. Нұрғалиев), "Тырналар" (Д. Манабай), "Хардкор" (Ф. Шәріпов), "Ақын" (Д. Өмірбаев), "От" (А. Қасымбекова) "Даладағы құтқару" (Б. Самбрано), "Нартай" (В. Хубутия), "Слепая любовь" (Чак Чае), "Каникулы Off-Line 2" (Э. Құрмашев). 

Деректі фильмдер: "Ұстаздың оралуы" (С. Әзімов), "Түркістан – кеше, бүгін, ертең" (В. Тюлькин). 

Министрліктің мәліметінше, "Қажымұқан" фильмінің түсірілімі аяқталған. Пандемияға байланысты фильмнің экранға қашан шығатыны белгісіз.