Мәжіліс депутаты зейнетақы жинағына жер телімін алу үшін "Жер үй" бағдарламасын енгізуді ұсынды
Зейнетақы қорындағы жинақ мерзімінен бұрын беріле бастағалы баспана бағасы 8,3 пайызға қымбаттаған.Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров енді халық зейнетақы қорындағы ақшасына жер телімін алсын, ол үшін арнайы "жер үй" бағдарламасын енгізуді ұсынды. Депутат қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы үй алуға жұмсаған ақшасының пайдасын халық емес, банктер мен құрылыс компаниялары көргенін айтады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Айқын Қоңыровтың айтуынша, монополияға қарсы агенттік қанша тырысса да, ретке келтіре алмады. 2019-2021 жылдары шетелден 10 миллиард долларға құрылыс материалы сатылып алыныпты. Халық баспаналы болсын деп жыл басынан бері 313 мың отандасымызға зейнетақы қорынан 1 триллон 400 миллиард теңге аударылған.
"Бұл жоба тұтас экономикаға кері әсер етті. Одан ірі мегаполистегі құрылыс компаниялары мен банктер пайда көрді. Бірақ халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ. Мәселе жүйелі түрде шешілмеді. Керісінше тұрғын үй мәселесі ушығып кетті", – деді Айқын Қоңыров.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: