Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері жарияланды.

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары;
  • "Сары" аймақта – Шымкент, Ақмола және Қарағанды ​​облыстары;
  • "Жасыл" аймақта – өзге өңірлер.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.

Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.