Ұшақ, пойыз, автобус, такси. Қала арасында қандай көлікпен қатынаған жөн?
Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан 9-орындағы мемлекет. Батыстан шығысқа қарай 3 000 шақырымға созылып жатқан аумақта бір жерден екінші жерге жетуге едәуір уақыт кетеді.
Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан кең байтақ жерге ие көшпелі халық. Ауылдан қалаға көшу, қаланы дамыту өткен ғасырда ғана пайда болды. Кей елді мекендерге тек автокөлікпен баруға тура келеді, өйткені ұшақ та, пойыз да, тіпті автобус та қатынамайды. Сондай шалғай ауылдарға баратындар бұрын таксидің толғанын күтуші еді. Қазір бәрі өзгерді: ыңғайлы уақытта әрі тиімді бағаға межелі жерге тез жетуге болады.
Қазақстандықтар көлікті қалай таңдайды?
Қалааралық көлік қатынастарының дәстүрлі түрлері ұшақ, пойыз, автобус, такси болып отыр. Ұшақпен тез жетуге болады, бірақ билет қымбатағанда кей адамның қалтасы көтере бермейді. Ал пойыз көп уақыт алады. Десе де жолдардың сапасы жақсарып, жол бойында нысандар көптеп бой көтеріп жатыр. Сондықтан көп адам көлігіне мініп ұзақ сапарға шыға береді. Ал көлігі жоқтар жолаушы болып өзгемен бірге жетеді.
inDrive жасаған сауалнамаға сәйкес, әр төртінші қазақстандық ай сайын қалалар арасында қатынайды. Респонденттер кейінгі жарты жылда орта есеппен 3 рет басқа қалаға сапарлаған. Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы, яғни 46%-ы 500 шақырымнан астам қашықтыққа сапарлайды.
Қазақстандықтар көбінесе отбасына және туыстық қатынастарға байланысты басқа қалаға сапар шегеді. Әсіресе, мереке күндері бір дастархан басында бас қосқысы келеді. Десе де респонденттердің айтарлықтай бөлігі, яғни 40 пайызы іскерлік мақсатпен саяхаттайды. Ал 28%-ы басқа өңірлерге туризм мақсатында барады.
Қазақстандықтардың жартысынан көбі күтпеген сапарларға шыққанды ұнатады. Сапарды санаулы күн бұрын, тіпті дәл кететін күні жоспарлайды. Мерекелер жақындаған кезде сапарды ертерек жоспарлауды ұмытпаған жөн.
Сұраныстағы көлік түрлеріне такси немесе ортақ көлік (54%), жеке автокөлік (43%) және пойыз бен автобус (39%) кіреді.
Сауалнама қатысушылары көлікті таңдау кезінде мына факторларға мән береді:
- қолайлы баға (55%);
- жайлылық (54%);
- қауіпсіздік (51%);
- ыңғайлы кесте, кету уақыты (23%).
Көлік түрлерінің қайсы ыңғайлы?
Ұшақ ең жылдам, жайлы, бірақ ең қымбат көлік түрі. Мереке күндері билет қымбаттап кетеді. Сондықтан ертерек сатып алу қажет. Ал жақындағанда тікелей рейстерге орын болмай қалуы мүмкін. Ондайда басқа қалалардан ауысып отыруға тура келеді. Жылдамдығының арқасында адам жолдан шаршамайды. Бір кемшілігі – көп жүк алуға болмайды. Лоукостерге мінсеңіз қол жүгіңіздің өзі кішкентай болуы керек. Ал дауыл, бұрқасын болса рейс ұшпай қалуы не бірнеше сағатқа кейінге шегерілуі мүмкін.
Пойыз – ұзақ жол жүруге ыңғайлы көлік түрлерінің бірі. Қалалар арасында Тальгодан қарапайым пойыздарға дейін жүреді. Орындары да жайлылығына қарай әртүрлі. Соған сай бағасы өзгере береді. Билетті 45 күн бұрын ғана алуға болады. Мереке уақытында мүлдем билет болмай қалады. Сондай-ақ, пойыздар қатаң кесте бойынша жүреді. Пойыз кез келген ауа райында және жылдың кез келген уақытында кесте бойынша жүреді. Сол себепті қыста көп адам пойызбен сапарлайды. Бағасы қымбаттамайды, бір бағаны ұстап тұрады. Басты артықшылығы – пойызда ұйықтауға болады. Көп жүк ала аласыз, дегенмен оған да шектеу бар. Шалғайдағы қалалар мен елді мекендерге жол да ұзақ.
Қала арасында автобустар, такси жүреді. Автобусқа ертерек билет алу қажет және ол көп жағдайда автовокзал секілді белгіленген жерден ғана жүреді. Автобус таксиден арзан болуы мүмкін. Бірақ адам көп болады, қолайсыз ауа райында жету қиын. Артықшылығы – жүктің көлемі мен салмағына шектеу жоқ. Отыратын орыннан гөрі ұйықтайтын орны бар автобустар ыңғайлы.
Такси – ұшаққа, пойызға билет қалмағанда таптырмас көлік түрі. Ал таксиді кез келген уақытта өзіңізге ыңғайлы жерге шақыра аласыз. Бірақ бір орында отыратын болған соң, ұзақ жолдан шаршауыңыз мүмкін. Кей көліктердің жүксалғышы кішкентай болса, онда үлкен сөмке ала алмайсыз. Бағасы тиімді.
Такси қауіпсіз бе?
Кейінгі жылдары бір қалаға кетіп бара жатқан жолаушылармен келісіп, діттеген жеріне жетіп алу трендке айналды. Автовокзалдағы не соның маңындағы орындарда әртүрлі бағытқа таксилер көп тұрады. Оған қоса inDrive қызметі арқылы таксиді де, жолаушыны да жылдам табуға болады. Қазақстандықтар ел ішіндегі мыңнан астам әртүрлі елді мекен мен туристік орындарға осы қосымшаны қолдану арқылы көлікпен жете алады.
Бұл сервистің басқаларынан айырмасы клиент бағаны өзі ұсынады. Автокөлік моделін, өзіне ыңғайлы жолға шығу уақытын өзі таңдайды. Қазақстанның кез келген тұсына зат жібере алады. Ал жүргізуші өзі де баға қоя алады, көлігінің қандай екені туралы ақпарат береді.
"Жүргізушілердің көбеюінің арқасында елді мекендердің ауқымы да кеңейіп жатыр. Жолаушылар да бұл қызметті жиі пайдаланатын болды. Өйткені олар салонға түгел төлемей, бір орынға ғана төлеп ақшасын үнемдейді. Басқа бәсекелестерімізге қарағанда біздің артықшылығымыз – жолаушы мен жүргізуші саудаласып, бағаны өзара келіседі. Яғни бағаны біз белгілемейміз. Жолақы аз деп тапса жүргізуші бас тарта алады немесе жолақы қымбат деп жолаушы басқа такси іздей алады. Осылайша жолақыны екі жаққа да тиімді бағаға қояды. Бұл қызмет сапасына айтарлықтай жақсы әсер етеді. Жүргізуші жолақы аз болып қалды демейді, ал жолаушы қымбат деп ренжімейді", – деді inDrive қалааралық бизнесін ТМД аймағында дамыту жөніндегі менеджері Борис Хван.
Сервисте тәулік бойы кезекші қолдау қызметі барлық өтініштерді тіркеп, қажет болса оларды шешу үшін шұғыл шаралар қабылдайды. Жүргізушілерге де, олардың көліктері де қатаң тексеріледі. Бұл өз кезегінде жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды. Жүргізушілердің куәлігі, көлігінің құжаттары тексеріліп, егер күмән туса бұғатталады. Шұғыл жағдай болса қолдау қызметі көмек көрсетуге дайын.
inDrive 45-тен астам ел 700-ден аса қалада қызмет көрсетеді. Компания білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да өмір үшін маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісімшарттық төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды. Сервис ішкі туризмді кеңінен насихаттауды, Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат жасауды алға қояды.